Жаңалық

Илья Ильин жаңа қызметке тағайындалды

Ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин тағы бір лауазымға ие болды. Ол енді Қызылорда облысының қазақстандық спортшылар одағының филиалын басқарады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы спортшы өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды.

«Мен Қызылорда облысының @sportodagy қазақстандық спортшылар одағының филиалына басшы болдым. Филиал ресми түрде 2020 жылдың 1 қыркүйегінде тіркелді. Алда менің туған аймағымды спортты дамыту бойынша маңызды жоспарлар күтіп тұр. Мақсат қойдым, оларды міндетті түрде жүзеге асырамыз», – деп жазды ол.

Бұған дейін Илья Ильин спортта карьерасын аяқтап, Қызылордадағы «Мұз айдыны» мұз кешенінің директоры болып тағайындалған болатын.

Tengrinews.kz

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button