Жаңалық

Микро және макро экономика туралы кітаптар

«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» атты кітап көрмесі өтуде

Қыркүйектің 21-28 күндері Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтында ақпарттық кітапхана кешенінің ұйымдастыруымен «Жаңа гуманитарлық білім, қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» атты кітап көрмесі өтуде. Көрме мерзімді басылымдар оқу залында өткізіліп жатыр.

Оқу ордасында «Жаңа гуманитарлық білім, қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында ақпараттық бюллетеньдер таратылып, институттың ішкі телевизиялық желісінің трансляциясында көрсетілді. «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы 2017 жылдан бастап іске аса бастады. 2017-2019 жылдары аралығында 47 оқулық қазақ тіліне аударылып, еліміздің 132 жоғары оқу орындарына жеткізілді. Аталған оқу құралдары Қазақстандық гуманитарлық білім мазмұнын түбегейлі түрде жаңартуға жол ашты. Биылғы жылы 30 жаңа оқулық қазақ тіліне аударылды. Оқулықтардың жаңа топтамасы кинотану, театртану, өнер, этика, эстетика, медиа, тарих, микро және макро экономика мен бизнес, жеке қаражат, саясаттану, сондай-ақ, азаматтық іс-жүргізу құқығы мен интеллектуалдық меншік құқығы, педагогика және статистика секілді салаларды қамтиды. Бұл оқулықтардың қазақ тіліне аударылуы қазақстандық жоғарғы мектеп пен ғылыми ортаның күшейуіне, терминологияны біріздендіріп, тіліміздің заманға сай әлеуетін арттыруға зор үлес қоспақ. Оқулықтардың электронды нұсқалары «Қазақстанның ашық университеті» (www.openU.kz) порталына орналастырылып, интернет арқылы еркін қолданысқа берілді.

Аударма және басылымдарды дайындау жұмысына Қазақстанның алдыңғы қатарлы оқу орындарының ғалымдары, тәжірибелі аудармашылар, тілшілер мен әдебиетшілер ортасынан іріктелген редакторлар, жалпы саны 300-ден аса маман қатысуда.

Жоба аясында әлемдегі оқулық шығаруға маманданған «Cambridge University Press», «Oxford University Press», «Pearson», «Cengage», «Penguin Random House», «McMillan» және басқа да ірі халықаралық баспа үйлерімен әріптестік қарым-қатынас орнаған. Көрмеге қойылған оқулықтарды білім ордасының оқытушылары оқу процесінде жиі қолданып жүр.

Басқа материалдар

Back to top button