Жаңалық

Қазақ бидайының өнімі қандай?

Қазақ ғалымдары бидай тұқымының өнуін тестілеуге арналған дәлдігі жоғары компоненттер алды

ҚР БҒМ Ғылым комитеті М.А. Айтхожин атындағы Молекулалық биология және биохимия институтының дәнді дақылдар биохимиясы зертханасында бір топ ғалым биология ғылымдарының кандидаты Айдар Хәкімжановтың жетекшілігімен биохимиялық әдістердің көмегімен бидай дәніндегі ең қызғылықты ферменттердің бірі – альфа-амилазаны зерттеу бойынша эксперименттер жүргізді.

Аталған фермент мөлшерін стандартты сараптамалық әдістермен өлшеу өте қиын, бірақ бұл астықтың өну жағдайының маңызды көрсеткіші саналады. Осылайша, зерттеу барысында ғалымдар альфа-амилаза ферментінің бір түрін мұқият зерттеді және одан жоғары дәрежелі антиденелер алынды, олардың негізінде альфа-амилаза мөлшерін дәл анықтайтын жоғары сезімтал иммунотестер жасалды. Дәндегі фермент мөлшерінің көрсеткіші денсаулыққа зиянды, тамақтануға жарамсыз шала піскен өнімдерді болдырмау үшін нанды пісіргенге дейінгі ұнның сапасын бағалауға, сондай-ақ бидайдың жаңа сорттарын шығару кезіндегі сұрыптамалық процесті жүргізу үшін қажетті астықтың сапасын анықтауға мүмкіндік береді.

Басқа материалдар

Back to top button