Жаңалық

Қызылөзен – қандай ауыл?

Қызылөзенде ашық спорт алаңы пайдалануға берілді

«Қарағантүбек» ЖШС-нің демеушілігімен ауыл ішіндегі тұрғындарға арналған ашық спорт алаңын заманауи қалыпқа келтіру жұмыстары аяқталып,  бүгін нысан халық игілігіне пайдалануға берілді. Спорт алаңының ашылу салтанатына аудан әкімі Айбек Қосуақов пен облыстық мәслихат депутаты, «Қарағантүбек» ЖШС-нің құрылтайшысы Самат Мусабаев арнайы қатысты.

Ауданымыздың спортшылары халықаралық, республикалық, облыстық, аудандық жарыстарға қатысып, жеңістерге жетіп, аудан атын асқақтатып, көк туымызды желбіретіп жүр.

Спортты дамыту арқылы салауатты ұрпақ тәрбиелеу – басты міндеттеріміздің бірі болып табылады, – деді аудан әкімі А.Қосуақов.

Ауданда 3 спорт кешені, 14 ашық алаң, 5 футбол алаңы және 5 көше тренажері бар екенін айтып өтті.

Демеуші Самат Мусабаев халық қуанышына қашан да ортақ екенін айта келе, демеушілік қолдаудың әсте толастамайтынын атап өтті. Қызылөзен ауылы тұрғындарының атынан сөз сөйлеген ауыл ақсақалы Көбеген Ізімбергенов аудан әкімі Айбек Қосуақов пен «Қарағантүбек» ЖШС-нің құрылтайшысы Самат Мусабаевқа алғысын айтып, жұмыстарына ризашылығын білдірді. Шара ары қарай ауыл балаларының футболдан жолдастық кездесуіне жалғасты.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button