Жаңалық

«Әліппе» оқу бағдарламасы бекітілді

Бұл туралы Ruh.kz порталы ҚР Білім және ғылым министрлігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

«Әліппе» оқу бағдарламасын тілтанушы ғалымдар, әдебиеттанушылар, әдіскерлер мен педагогтер әзірледі, сондай-ақ осы бағытта үлкен тәжірибесі бар өткен жылдардағы «Әліппе» бағдарламалары мен оқулықтарының авторлары да тартылды.

«Бұл жаңа «Әліппе» оқу бағдарламасының құрылымдық-мазмұндық болмысын А.Байтұрсынұлының әдістемесінің негізінде «жаңаша» қарастыруды мүмкін етті: «шағын сөзді», «дыбыспен жаттықтыру», «дыбысты», «жалқылаулы-жалпылаулы», «жазу-оқу» әдістері жаңа «Әліппе» оқу бағдарламасы міндеттерін қоюда және білім мазмұнын анықтауда басшылыққа алынды», – деп атап өтті Абай атындағы ҚазҰПУ «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі, профессор Азия Жұмабаева.

Енді 2021-2022 оқу жылынан бастап бірінші сынып оқушылары алғашқы екі тоқсанда «Әліппе», ал үшінші және төртінші тоқсанда «Ана тілін» оқитын болады.

«Лингво-статистикалық зерттеу нәтижелері қазіргі қазақ тілінің алуан түрлі стильдік кесіндісіндегі әріптердің жиілігін анықтайды. Ал, 1-сыныпқа барып, әріпті жаңа танып отырған бала ондай мәтіндермен бірден таныс болмайды. Сондықтан да олардың жиілігіне реттеу жасалды», – дейді А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры Анар Фазылжанова.

Сондай-ақ орыс тілінде білім алатын бірінші сынып оқушылары жаңа оқу жылынан бастап алғашқы екі тоқсанда «Букварь», ал үшінші және төртінші тоқсанда «Обучение грамоте» пәндерін оқитын болады.

«Букварь» оқулығын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы да өз жұмысын аяқтап, оқу бағдарламасы бекітілді. Енді бұл оқулық бойынша да апробация жүргізіледі.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button