Жаңалық

Атырауда 1000 жеміс ағашының көшеті егілді

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау қаласында Жастар саябағы ашылып, 1000 жеміс ағашының көшеті егілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау қаласының 380 жылдығына орай «Балықшы» ықшамауданында Жастар саябағы ашылды. Ондағы 2 гектар аумаққа жеміс ағашының 1000 көшеті егілді. Бұл шараға қатысқан облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов те көшет екті.

Атырау қаласының әкімі Қайрат Оразбаевтың мәліметінше, «Жыл басынан бері қаланы көгалданыру жоспарына сәйкес, 20 мыңға жуық тал егілді. Атырау қаласын жасыл қалаға айналдыру алда да жалғасады. Осыған орай нақты жобамыз бар. Оған өңірдегі ірі компанияларды тартамыз», – деді Атырау қаласының әкімі Қайрат Оразбаев.

Бұл саябақ қоғам белсенділерінің ұсынымен ашылған.

KazInform.kz

Басқа материалдар

Back to top button