Жаңалық

«Кәсіпкер ана». Бизнесті қалай бастауға болады?

Нұр-Сұлтандағы «Кәсіпкер ана» әлеуметтік жобасы халықтың әлеуметтік осал топтары қатарындағы әйелдерге үйде жұмыс істеуді бастау және өз ісін дамыту үшін түрлі мамандықтар бойынша шеберлік пен дағдыларды меңгеруге көмектеседі.

«Кәсіпкер ана» жобасының негізін қалаушы Айнұр Әмірхан

«Біз алдымен белгілі бір мамандықтың қыр-сырын үйретеміз, соның арқасында олар болашақта кәсіпкер бола алады. Бірақ, жеке кәсіпкер болу үшін алдымен адам өзін-өзі жұмыспен қамтып, өз еңбегінің арқасында алғашқы ақшасын табуды үйренуі керек».

Бүгінде елорда тұрғындары IT-бағдарлау, әлеуметтік желілерді ілгерілету, фото және бейнография, аспаздық, қолөнер, графикалық дизайнер, копирайтер, SMM маманы, коуч-психолог, тігінші, массажист, Монтессори әдістемесі бойынша күтуші және т.б. бағыттар бойынша кәсіпкерліктің қыр-сырын меңгеруде.

Барлығы 20-ға жуық бағыт бар. Ұйымдастырушылар еңбек нарығындағы өзекті кәсіптерді қадағалап, оларды бағдарламалар тізіміне қосып отырады.

Маникюр шебері Альбина Досымова

«Мен бір жыл бұрын жалғыз басты ана санатында оқыдым, мұнда жақсы базалық тәжірибе жинадым. Кейіннен өз біліктілігімді арттырдым және қазір осы орталықта сабақ беремін. Бұл пайда табатын мамандықты алуға және болашақта ешкімге тәуелді болмай, жұмыс істеуге жақсы мүмкіндік береді».

Жобада жаңа мамандық үйретуден басқа, қатысушыларды өздерін маман ретінде бағалауға үйретеді. Олармен психологтар да жұмыс істейді. Курстардан өткеннен кейін қатысушылар сертификаттар алып, өз ісін бастай алады.

Ұйымдастырушылар «Кәсіпкер ана» әйелдер қауымдастығын құруды жоспарлап отыр, оның аясында қатысушылар тәжірибе алмасып, бір-бірін жаңа нәтижелерге ынталандырады.

Оқуға @Kasipkerana_bot Telegram-боты арқылы өтінімдерді беруге болады. Бағдарламаның барлық жаңалықтарын @kasipker_ana инстаграм аккаунтынан да қадағалай аласыз.

Басқа материалдар

Back to top button