Жаңалық

Ақтауда жаңа балалар алаңы салынды

Бұл туралы Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы Ерғали Скендиров мәлім етті.

Оның айтуынша балалар алаңын жөндеуден өткізуге тиісті қаражат қарастырылған.

«Жаңа балалар алаңдары мына мекен-жайлар бойынша орнатылды: 3а-25, 3-44, 4-22, 4-58, 11-3, 14-40, 31б-30, Рауан және Приморский тұрғын үй массиві.

Бүгінгі күні алаңдардың жұмыстары толықтай аяқталып, пайдалануға берілді. Балалар ойын алаңының әрқайсының аумағы – 258 шаршы метр. Балалар алаңына арнайы балаларды жарақаттан қорғайтын төсеніштер жайылған», – деді Ерғали Скендиров.

Келесі жылы 10 балалар алаңын жөндеу жоспарланып отыр. Жалпы, қала бойынша барлығы 264 балалар ойын алаңы бар, оның 124-і жөндеуді қажет етеді.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button