Жаңалық

«Әл-Фарабидің ғылыми мұрасы» атты ғылыми семинар өтті

Биыл 2020 жылы әлемге әйгілі ойшыл, философ, музыка зерттеушісі, астроном, ботаник, лингвист, ғалым, Орта ғасырдағы шығыс философия өкілдерінің бірі Әбу Насыр Әл-Фарабиге 1150 жыл жолып отыр.

Биыл Әл-Фарабидің мерейтойы ЮНЕСКО қамқорлығымен халықаралық деңгейде кеңінен аталып өту жоспарға ілінді. Осыған орай «FARABI WORLD» атты жас ғалымдардың online форумы аясында «Әл-Фарабидің ғылыми мұрасы» атты ғылыми семинар өтті. Аталмыш семинар Алматы қаласы әкімдігінің Қоғамдық даму басқармасымен бірлесе «Қазақстан жастар фракциясы» Қоғамдық Қорының ұйымдастыруымен жүзеге асты.

2019 жылдың тамыз айында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылы өтуі тиіс ауқымды шараға байланысты Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына дайындалу және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы қаулыға қол қойған болатын.

Іс-шараға профессор,  ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының басшысы Үмітхан Мұңалбаева, түркітанушы, филология ғылымдарының докторы, профессор Шәкір Ибраев, журналист, сықақшы Көпен Әмірбек, ақын, жазушы Әкім Ысқақ, Шымкент қаласы Отырар қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры Анар Жапарқұлова, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің сарапшысы Бақытжан Ақтайлақ, зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлері, жас ғалымдар, кітапханашылар қатысты.

«Бұл іс-шара, әсіресе, ғылыммен айналысып жүрген жастарға арналады. Олар үшін дәл осындай басқосулар Әл-Фараби бабамыздың шығармашылығымен жете танысуға және ғылыми мұрасын зерттеу мүмкіндік береді. Әл-Фараби есімі әлемдік ғылым мен мәдениеттің тарихына нық қадам басты. Оның шығармалары, Батыс пен Шығыстың мәдениеттері мен философияларының жақындасуына арналған көпір болды», – деді Үмітхан Мұңалбаева.

Х ғасырдан бастап қазіргі таңға дейінгі мың жылдан астам уақыттың ішінде ұлы бабамыздың еңбектері әлем жұртшылығына танымал болды. Ұлы ғұламадан қалған мирас ғылымның түрлі саласын қамтиды, әрі өте құндылығымен ерекшеленеді. Оның философия, социология, логика, эстетика, этика және басқа да жаратылыстану мен гуманитарлық ғылым салалары бойынша айтқан теориялық тұжырымдары Дүние жүзі халықтарының қоғамдық-философиялық ойларына ықпал етті деп айтуға болады.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button