Жаңалық

Ленин көшесі енді жоқ (видео)

Қарағандыда 1938 жылдан бері Ленин есімімен аталып келген көше енді ресми «Абай көшесі» деп аталды. Бұл туралы Ruh.kz порталы хабарлайды.

Ақпарат әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Игі істің басында өңірдің Атымтай жомарттары жүрсе керек.

Көшенің жаңа атауы жөніндегі нормативтік-құқықтық акт 28 қыркүйекте Қарағанды облысының Әділет басқармасында тіркелген.

Айта кетелік, бұл көшенің бойында бірнеше ЖОО орналасқан.

«Бұл шын мәнінде тарихи оқиға! Көше атауы жазылған аншлаг ілу мәселесін белгілі жергілікті кәсіпкер, меценат Ерлан Әшім өз мойнына алып, міне бүгін бірінші аншлагты өз қолымен ілді», – деп сүйіншілейді Әсел Қашқынбек есімді желі қолданушысы (фото мен бейнематериал да желі қолданушысының парақшасынан алынды).

Қуанған жұрт көшенің жаңа атауының, көше бойындағы аялдама аттарының қоғамдық көліктерде дұрыс айтылуын қадағалау керек екенін де ескертіп жатыр.

Басқа материалдар

Back to top button