Жаңалық

«Жасыл желек қабаты» туралы не білеміз?

Үлкен құрлық: тарихтың бастауы.

Көп адам жер шарын аспан асты, жер үстіндегі қос­өлшемді кеңістік деп ойлайды. Адамзаттың тіршілік әрекеті ауқымды, тарихи әрі күрделі сахнада жүріп жатыр. Бұл – адаммен қатар, бүкіл тіршілік атаулыны қамтитын биосфера қабаты. Биосфера үш қабаттан тұрады: атмосфера, гидросфера және литосфера. Ең жоғарғы қабат – атмосфера адам мен басқа барлық тіршілік иесінің өмір сүруіне қажет 21 пайыз ауа мен 78 пайыз нитрогеннен тұрады. Гидросфера қабатының 97 пайызы – мұхиттар. Литосфера – тас, топырақтан тұратын жердің қалың, қатты қабаты, басқаша айтқанда, көмір, табиғи газ және мұнай деп аталатын органикалық қазба байлығы. Адам тіршілігі биосфера заңдылығы мен күн қуаты, фотосинтез, жел, судың булануы секілді тіршілік қарым-қатынасына тәуелді. Әрбір түр басқа ағзалармен генетикалық байланыста. Мысалы, біздің де бананмен генетикалық байланысымыз бар. Қысқасы, тарихымыздың ауқымы Азия, Англия немесе Ацтек империясы ғана емес, жер бетінің «жасыл желек қабатын» да түгел қамтиды.

Жер бетінің 71 пайызын алып жатқан өзен, көл мен мұхитты жүзіп өтуді адам мыңдаған жылдан бері үйреніп келеді. Соңғы жылдары әуе қатынасын, тіпті ғарышқа самғауды да меңгеріп алдық. Демек, біздің тарих литосфера қабатындағы үлкенді-кішілі оқиғаларға куә.

«Panorama: Дүниежүзі тарихы, 1-кітап»,

(«100 жаңа оқулық» жобасы асында аударылған кітап)

Росс Е. Данн, Лора Дж. Митчелл

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button