Жаңалық

Қыз туралы 40 мақал

11 қазан – халықаралық қыздар күні

1.     Қыз назы қырық кісіні мас қылады.

2.     Қыздың қабағында құт бар.

3.     Ақылды қыз білімге жүгірер,

Ақылсыз қыз сөзге ілігер.

4.     Қайтып келген қыз жаман,

Қайта шапқан жау жаман.

5.     Жасауды жеті жастан жинасаң жетеді,

Алты жастан жинасаң асады.

6.     Ауру – астан,

Дау – қарындастан.

7.     Бір қыз күйеуге шықса,

Қырық қыз түс көреді.

8.     Жақсы қыз – жағадағы құндыз,

Жақсы жігіт – аспандағы жұлдыз.

9.     Жыршы қызға – сыршы күйеу.

10. Қыз – қонақ.

11. Қыз өссе елдің көркі

Гүл өссе жердің көркі.

12. Қыздың көзі қызылда.

13. Төркін десе қыз төзбейді.

14. Қыздың жолы жіңішке.

15. Қызы бар үйдің жеңгесі сүйкімді келеді.

16. Қызды ауылдың қызығы көп.

17. Қызды асырап білмеген күң етер,

Жібекті түте алмаған жүн етер.

18. Қызым саған айтам, келінім сен тыңда.

19. Қызың өссе қылықтымен ауыл бол.

20. Шешесіне қарап қызын ал,

Аяғына қарап асын іш.

21. Қызы бардың назы бар.

22. Қызға қырық үйден тыйым.

23. Қыз – өріс, ұл – қоныс.

24. Екі ауылдың арасын жол қосады,

Екі елдің арасын қыз қосады.

25. Қыздың қырық жаны бар.

26. Судың түбін шым бекітер,

Даудың түбін қыз бекітер.

27. Отырған қыз орнын табады.

28. Қыз мінезді келсін,

Ұл өнерлі келсін.

29. Қызыңды құтты орнына қондырғанша күт,

Ұлыңды отау иесі болғанша күт.

30. Әдепті елдің қыздары – қырмызы қызыл жібектей.

31. Ақылды қыз – ауыл көркі.

32. Астың дәмін келтірген тұз әулие

Елдің сәнін келтірген қыз әулие.

33. Ән сазымен, қыз назымен.

34. Ата көрген оқ жонар,

Шеше көрген тон пішер.

35. Қарты бар елдің

Қазынасы бар,

Қызы бар елдің

Базынасы бар.

36. Атасы тұрып, ұлы сөйлегеннен без,

Анасы тұрып, қызы сөйлегеннен без.

37. Әке тұрып бала сөйлесе,

Ер жеткені.

Шеше тұрып қыз сөйлесе,

Бой жеткені.

38. Теңін тапса, тегін бер.

39. Озар елдің қызы мінезді,

Ұлы өнерлі келеді.

40. Қызым келіннен ғибрат алып өседі,

Ұлым елімнен ғибрат алып өседі.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button