Жаңалық

«Азаттық жырының айбозы» атты әдеби кездесу өтті

Ұлттық академиялық кітапханада ақын, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Несіпбек Айтұлының 70 жас мерейтойына арналған «Азаттық жырының айбозы» атты әдеби онлайн кездесу өтті.

Іс-шара барысында ақының өмірі мен шығармашылығы, сонымен қатар қазақ руханиятында әдеби мұраны зерттеуге қосқан үлесі туралы айтылды. Несіпбек Айтұлының әдеби-ғылыми мұрасы мен қайраткерлігі, қоғамдық өмірдегі рухани қызметі мен тағылымдық қасиеттерін оқырмандарға кеңінен насихатталды.

Жиынның модераторы – ақын, Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақстан Жазушылар одағы филиалының басшысы, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Дәулеткерей Кәпұлы болды.

Әдеби онлайн кездесуге зиялы қауым өкілдері мен кітапханашылар қатысты.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button