Жаңалық

Мал шаруашылығына көңіл бөліне ме?

Түркістан облысы, Кентау қаласына қарасты Қарашық ауылдық округіндегі «Әшәбаев» ШҚ мал шаруашылығын дамытуды мықтап қолға алған.

Жылқы және сиыр шаруашылығын ұштастырып отырған қожалықтың негізі 2000 жылы қаланған.

Шаруа иесі Ербол Әшәбаевтің айтуынша, кәсібін ең алдымен 10-ға жуық мал түрінен бастаған. Бүгінде қорасын кеңейтіп, мемлекет көмегімен мал басын арттырып отыр. Қоражайында 70 шақты сиыр, 30 шақты жылқы малын баптауда.

Сиырларды сүтті, ал жылқыларды етті бағытта өсіріп отыр. Бір күнде ірі қарадан өндірілген 120 литр сүтті Қарашық ауылына және Түркістан қаласына өткізеді. Бір жылқы шамамен 180 келіден 350 келіге дейін ет береді. Жеке кәсіпкер отбасылық шаруасын жандандыру үшін болашақта мал басын көбейтіп, сүтті бағытты дамытуды жоспарлап отыр.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button