Жаңалық

Ақтауда әлеуметтік орталықта тігін цехы ашылды

29-шағынауданда орналасқан «Жанұя» әлеуметтік қолдау орталығында тігін цехы ашылды.

Тігін шеберханасын ашудың басты мақсаты – көпбалалы және аз қамтылған аналарды жұмысқа орналастыру, осы кәсіпті меңгерту.

Көпбалалы ана Динара Коктаубайқызы тігін цехының ашылуына мұрындық болды. Осы істің басы қасында жүріп, өз мақсатына жетті. Аналар түрлі киімді тігіп, пішуге даяр. Қабілеттері мен ынталары жеткілікті.

«Ақтау қаласының әкімдігі тарапынан қолдау болып, ғимарат берді. Көпбалалы аналар жиналып, тігін машиналарын алдық. Көрпе, медициналық халаттар және арнайы киімдер тігеміз», – деді Динара Коктаубайқызы.

тігін цехі.jpg

«Жанұя» орталығы жазда ашылған болатын.

Мұнда әлеуметтік аз қамтылған, көпбалалы аналар жеке кәсібін ашуға, арнайы мамандардан қолөнерді, тігіншілік кәсіпті үйренуге, басқа да шеберлік сыныптарын өткізуге, өздерін толғандырған мәселелерге байланысты кеңес алуға барлық жағдай жасалған.

Сондай-ақ, орталықта психологтар, банк қызметкерлері, әлеуметтік қызметкерлер, заңгерлер мен медиаторлар көмек көрсететін болады. Сондай-ақ, жеңілдетілген несие, қайта даярлау және жұмысқа орналасу бойынша тегін кеңестер беру, әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақылар төлеу мәселелері бойынша түсіндіру, ақпараттандыру жұмыстары алдағы уақытта жүргізіледі.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button