Жаңалық

Әлем тілдері әліпбиіндегі диакритикалық таңбалар

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы «Әлем тілдері әліпбиіндегі диакритикалық таңбалар» тақырыбында онлайн режимде сұхбат алаңын ұйымдастырды.

Шараның басты мақсаты – әлем тілдері әліпбиіндегі диакритикалық таңбалардың артықшылықтары мен кемшіліктерін талқылау, оларды әдістемелік тұрғыдан меңгертудің тиімді әдістерін ортаға салу, ІТ технологияларға сәйкестігін анықтау.

Бұл халықаралық басқосудың өзектілігі әліпби түзу барысындағы диакритикалық таңбаларды қолданудың артықшылықтары мен кемшіліктерін әлемдік тәжірибеге сүйене отырып нақтылау.

Онлайн сұхбат алаңына Түркия мемлекетіндегі Памуккале университеті, Түркі тілдері мен әдебиеттері бөлімінің меңгерушісі, профессор, доктор Нергис Бирай, Әзербайжан Ұлттық Ғылым академиясы, И.Насими атындағы Тіл білім институтының түркі тілдері бөлімінің директоры, доктор Елчин Ибрахимов, Өзбек әлем тілдері мемлекеттік университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Маханбет Джусупов, Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Оразбаева Фаузия Шәмcиқызы, Түркия Республикасы Анкара қаласындағы Башкент университетінің профессоры, доктор Суер Екер, Түркиядағы Хити университетінің Ғылым және Әдебиет факультеті деканының орынбасары, түрік тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушысы, доктор Иса Сары, Түркия Республикасы Анкара университетінің профессоры, доктор Гулзура Жумакунова, Қарақалпақстан Республикасы, Әжнияз атындағы Нөкіс мемлекеттік педагогикалық институтының доценті, филология ғылымдарының докторы Алима Пирниязова, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты Қолданбалы лингвистика бөлімінің инженер-программисі Дархан Тоқмырзаев қатысты.

Диакритикаға байланысты мұндай жүздесу алғаш рет осындай ерекше форматта ұйымдастырылып отыр. Шараның ғылыми мазмұны сұқбаттасу барысында жан-жақты ашылды. Талқылауда латын әліпбиіне өткен түркі тілдес елдердің ғалымдарымен бірге латын әрпін пернетақтаға орналастыру, латын әліпбиін үйрету әдістемесі, диакритикалық таңбалардың қолданысы бойынша маманданған шетелдік әріптестер пікір алмасты.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button