Жаңалық

НУ студенттер оркестрі қашықтан «Адай» күйін орындады

Назарбаев Университетінің (НУ) студенттері ерекше жоба ұсынды. Жастар оркестр жинап, онлайн-концерт бастады.

Олар әртүрлі қалада өз партияларын бөлек жазып, артынша оны керемет композицияларға біріктіреді. Солардың бірі – Құрманғазының әйгілі «Адай» күйі, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видео Нұр-Сұлтан, Алматы, Орал, Ақтау, Атырау, Өскемен, Көкшетау, Шымкент және басқа қалалардан түсірілген.

 

Назарбаев Университетінің студенттері оркестрінде домбыра, қобыз және сазсырнайдан басқа гитара, скрипка, барабан, фортепиано, флейта және басқа да классикалық аспаптары ойналады.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button