Жаңалық

«Абай оқулары» республикалық байқауы аяқталды

Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай Шығыс Қазақстан облысында этнос жастары арасында «Абай оқулары» республикалық байқауы өткізілді.

Әр өңірден жарысқа 20-ға жуық адам қатысты.

Байқауға Шымкент қаласының намысын қорғап №88 жалпы орта білім беретін мектебінің мұғалімі Пак Темур Андреевич қатысты. Абай шығармаларын көркем шеберлікпен орындаған Темур топтан оза шығып, Бас жүлдеге ие болды.

Аталмыш жарыста Абайдың білім, ғылым және өнер туралы өлеңдері, «Абай жолы» эпопеясынан 3-4 минуттан тұратын үзіндісі, Абайдың қара өлеңдері жатқа айтылды.

Сонымен қатар, «Абайдың тілі – адамзаттың рухани қазынасы» тақырыбында бейнеролик дайындалды.

Бас жүлдені қанжығасына байлаған Темур Пак бүгінде мектепте дене шынықтыру пәнінен сабақ береді. Ол «Қазақстан Республикасы Ассамблеясына 25 жыл» мерекелік медалімен марапатталған. Қазіргі таңда Қазақстан халықтары Ассамблеясы корей этномәдени бірлестігінде Жастар қанатының төрағасы.

Басқа материалдар

Back to top button