Жаңалық

Елімізде ат спорты қаншалықты дамыған?

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында ел азаматтарын көшпенді халықтың жетістіктерін бағалауға және жылқы шаруашылығын белсенді дамытуға шақырды.

Ат спортымен шұғылдануға арналған тегін курстар барлық азаматтар үшін мамыр айында басталған болатын. Курстар Nur Otan партиясының қолдауымен «Бақытты отбасы» партиялық жобасы шеңберінде жүргізіледі.

Курсты үш тәжірибелі жаттықтырушының басшылығымен 10-25 жас аралығындағы 45 адам қабылдайды.

Ат спорты 3.jpeg

10 жастан 16 жасқа дейінгі кіші топта 30 бала бар. Осыған дейін олардың ешқайсысы ат спортымен шұғылданып көрмеген. Алғашқы сабақтарда жас шабандоздар ер-тоқымға дұрыс отыруды үйренді, жаттықтырушылар тіпті кейбірінің қорқынышын жеңуге де көмектесті.

Курсқа қатысушылардың бірі – Арай Қожахметова:

– Мен курстарға барғанды ұнатамын, 3 сабақ ішінде өз қорқынышымды жеңіп, ер-тоқымда өзімді әлдеқайда сенімді сезіне бастадым. Менің ойымша, ат спорты өте әдемі, оны үйренуге бізде барлық мүмкіндік бар.

Ат спорты 1.jpeg

Ауа райының салқындауына байланысты сабақтарды қажетті жабдықтардың толық жиынтығы бар спорт залдарына ауыстыру жоспарлануда. Ол жерде көкпар мен аудараспақтың техникасын пысықтауға да болады.

Павлодар қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қыркүйек айында жаттықтырушылар курс қатысушылары арасында жарыс ұйымдастырып, алғашқы жетістіктерін де көрсетіп үлгерген.

Павлодар облысы,

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button