Жаңалық

І республикалық дрондар жарысы өтті

Қазақстанда алғаш рет республикалық «JETISÝ Эрон дрон» атты дрондар жарысы өткізілді. Бұл туралы Ruh.kz порталы өңірлік «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Алматы облысы ішкі саясат басқармасы мен «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен Талғар ауданында аталмыш жарыс өтті.

Жобаның мақсаты – Жетісудың киелі жерлерін насихаттау арқылы ішкі туризмді дамытуға жәрдемдесу, ақпараттық және цифрлық технологиялар саласындағы жастардың шеберлігін арттыру, цифрлық сауаттылықты арттыру және әлемдік ақпараттық кеңістікте Қазақстанның имиджін қалыптастыру.

Жарысқа Қазақстанның түкпір-түкпірінен 25 команда қатысты.

«Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында Алматы облысында 3 жылдан астам уақыттан бері «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» арнайы жобасы ұйымдастырылуда. Арнайы жоба аясында Жетісу өңірінде 500-ге жуық танымал емес, бірақ туристік болашағы зор киелі орындарды анықтаған арнайы комиссия құрылды. Олардың 50-ден астамы республикалық комиссиямен қаралып, Қазақстандағы республикалық және жергілікті маңызы бар объектілерге енгізілді.

«JETISÝ Эрон дрон» жобасында пилотсыз ұшу аппараттарымен жұмыс істеу шеберлігін ғана емес, Жетісудың сұлулығын да көрсетеміз. Сондай-ақ, тәжірибе алмасу, жастардың зерттеу жұмыстарын қолдау арқылы қатысушылардың кәсібилігін арттырғымыз келеді», – деді «JETISÝ Эрон дрон» жобасының авторы Самат Жанманбаев.

Қазір дрондар түсірген бейнеконтент YouTube-тегі көріністер саны бойынша рекорд орнатты.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button