Жаңалық

Жас тарихшылар байқауы аяқталды

«Менің кіші Отаным» атты жас тарихшылардың ІІІ республикалық зияткерлік байқауы аяқталғанын хабарлайды Ruh.kz өңірлік «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесіне сілтеме жасай отырып.

Конкурсқа Шымкент қаласы атынан төрт оқушы қатысты.

Білім сайысы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» бөлімін іске асыру аясында ұйымдастырылған.

Конкурстың республикалық кезеңі осы жылы 3-5 қараша аралығында онлайн форматта www.daryn.kz, www.exam.net және ZOOM платформалары арқылы өткізілді.

Республикалық кезеңнің қорытындысы бойынша Пайзахматов Илхом, Мұратбек Медет, Мықтыбек Бексұлтан І орынды, Назарбаев Нұрбақыт ІІ орынды иеленді.

Конкурс жеңімпаздары ҚР Білім және ғылым министрлігінің дипломымен марапатталды.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button