Жаңалық

Ауыл тұрғындарына жүргізілген сауалнама нәтижелері

«Қоғамдық сананы жаңғырту» әлеуметтік зерттеулер орталығының 18 жастан асқандарға жүргізілген жаппай сауалнама нәтижелері:

71,6%-ы ауылда 10 жылдан астам уақыт бойы тұрады.

 

43,7%-ы жалақыға өмір сүреді.

 

Ақшаның 49,9%-ы тамақ пен киімге жеткілікті, бірақ ұзақ мерзімді тауарларды сатып алу қиындық тудырады.

 

57,4%-ы еш жерге көшуді жоспарламайды.

 

39,5%-ы қандай да бір идеологиялық ағымдардың жақтаушылары емес.

 

76,4%-ы Қазақстан Президенті Қ.К. Тоқаевқа сенім артады.

 

81,2%-ы күн сайын әлеуметтік желіні пайдаланады.

 

9,5%-ы әлеуметтік желілерді пайдаланбайды.

 

90,9%-ы WhatsApp-ты үнемі пайдаланады.

 

68,9%-ы Instagram-ды үнемі пайдаланады.

 

18 жастан асқандардың жаппай сауалнамасы 1 200 респонденттің жауабынан құралған. Зерттеу географиясы – ҚР 14 облысы және Республикалық маңызы бар 3 қала. Сауалнама 2020 жылы жүргізілді. Іріктемелі жиынтықтың орташа сипаттамаларының бас жиынтықтың орташа сипаттамасынан ауытқуы ± 3,5% – дан аспайды.

Басқа материалдар

Back to top button