Жаңалық

Павлодарда облыстық кітапхана подкаст-арнасын іске қосты

Облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың өлкетану бағытындағы жаңа жобасында бүгінгі күні 14 шығарылым ұсынылған, – деп хабарлайды Ruh.kz порталы Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Аталған жоба Павлодар облысы туралы ең қызықты деректер, әсіресе, өңірдің тарихы, мәдениеті, танымал тұлғалары мен қайталанбас жерлері, аңыздары мен тарихи шындықтарын кез келген жерде тыңдауға мүмкіндік береді.

Өлкетану және цифрлық технологиялар бөлімінің басшысы Марал Таженованың айтуынша, PRO Павлодар өлкетану подкаст-арнасының шығарылымдары әр аптаның сәрсенбісінде назарға ұсынылады.

Кезекті шығарылымдарда композитор, зерттеуші-әдебиеттанушы және музыкатанушы, публицист, коллекционер Наум Шафермен әңгіме барысында музыкалық және кітап мәдениеті, әдебиет, кітапханалар мәселелері қозғалды. Танымал коллекционер өзінің хоббиі туралы, 100 жастан асқан тақталар туралы, өмірінің басты мәселесі туралы айтып берді.

Сонымен қатар, археологиялық артефактілерді қайдан іздеу керек? Бүгінгі таңда Павлодар өңірінің қандай ірі тұрақтары белгілі? Археолог болу үшін қандай қасиеттерге ие болу керек? Біздің аймақта табылған ең көне артефакт қай ғасырдан бастау алды? Мұның бәрі археолог, тарихшы, өлкетанушы, археологиялық зерттеулер орталығының директоры Виктор Мерц баяндады.

Соңғы 14-ші шығарылымда «Майдан жолы» іздеу жасағы қалай құрылды, кім жасақ мүшесі бола алады, іздеуші болу үшін адамға қандай қасиеттер қажет, хабар-ошарсыз кеткен сарбазды іздеу алгоритмі қандай, «Майдан жолдары» жас іздеуші мектебін құру мақсаты қандай деген сұрақтарға «Майдан жолы» іздестіру-зерттеу жасағының командирі Александр Шитовпен болған сұхбатта айтылған.

Ұйымдастырушылар PRO Павлодар өлкетану подкаст-арнасының жұмысы жалғасатынын және әр апта қызықты тақырыптар жайлы әңгіме тарқатылатынын айтады.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button