Жаңалық

Ашық аспан астындағы музей ашылмақ

Ағымдағы жылдың 12-13 қарашасында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тлепов Шымкент қаласы мен Түркістан облысына жұмыс сапары барысында бірқатар іс-шараларға қатысты, – деп хабарлайды Ruh.kz ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне сілтеме жасай отырып.

Іссапар аясында вице-министр Шымкент қаласындағы «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесінің қызметкерлерімен кездесу өткізіп, кеңсе қызметімен танысты.

Кездесу барысында Болат Тлепов «Рухани жаңғыру» бағдарламасын тиімді жүзеге асырудағы өңірлік жобалық кеңселердің ерекше рөлін атап өтіп, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын Ұлттық жаңғыру кезеңіне көшіру бойынша жол картасын әзірлеу жөніндегі алдағы жоспарларды айтып өтті.

Жол картасы аясында мемлекеттік тіл мәртебесін арттыру, жоғары ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбие беру, еңбек адамын қалыптастыру, ауылды жандандыру және т.б кешенді іс-шаралар қамтылатын болады.

Болат Тлепов.77847.jpg

Сондай-ақ, сапар барысында Болат Тлепов «Сақ» киностудиясы қызметімен танысып, киностудия ұжымына сапалы анимациялық фильмдер шығару бойынша атқарып жатқан жұмыстар және өскелең ұрпақтың дамуына қосқан баға жетпес үлесі үшін алғысын білдірді.

Ағымдағы жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында «Сақ» киностудиясы Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен «Qazaqstan» ұлттық телеарнасының тапсырысы бойынша Ұлы даланың ұлы тұлғасы, ғұлама Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған «Әл-Фараби» көпсериялы тарихи фильмін түсірді.

Болат Тлепов

Сонымен қатар, вице-министр Шымкент қаласының даму тарихын бейнелейтін «Цитадель» (Ескі қаланы жаңғырту) аумағын аралады. Ескі қаланы жаңғырту бойынша қазба, реставрациялау жұмыстарының бірінші кезеңі ағымдағы жылы аяқталды, 2021 жылы «Цитадель» аумағында ашық аспан астындағы музей және амфитеатрдың ашылуы жоспарланды. Цитадель болашақта Шымкенттің негізгі туристік орталығына айналмақ.

Ал 13 қарашада Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Б. Тлепов Түркістан облысына іс-сапармен барды.

Іс-сапар барысында жаңадан бой көтерген визит орталығы мен облыстық «Рухани жаңғыру» кеңсесінің жұмыстарымен танысты.

Болат Тлепов

Ағымдағы жылы Түркістан облысында «Туған жер» арнайы жобасы аясында меценаттар тарапынан 2 млрд. теңгеден аса қаржыға 75 нысан халық игілігіне берілген.

Сонымен қатар «Түркілер төрі Түркістан» атты халықаралық онлайн конференция, «Рухани жаңғыру: Түркістан дәрістері» атты облыстық деңгейде кездесулер ұйымдастырылған.

Жыл басынан бері бағдарлама аясында облыста 800-ден аса іс-шара өтіп, жүз мыңға жуық адам қамтылды. Іс-шаралардың басым бөлігі онлайн форматта, челлендж, семинар, кездесулер түрінде ұйымдастырылды.

Сапар барысында, Болат Тлепов «Рухани жаңғыру» бағдарламасының басым бағыттары бойынша жұмысты одан әрі жандандыру жөнінде жаңа бастамаларды таныстырды.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button