Жаңалық

«Балдыз қалың» дәстүрі – ұрпақ қамы

«Балдыз қалың» қандай дәстүр, оның мәні де, ұмытылып кетуіне не себеп болды? Осы және өзге де сұрақтардың жауабын төмендегі мақаладан оқып, біле аласыздар.

TIM-0083.jpg

«Балдыз қалың» – қалыңмалдың бір түрі.

Ертеде қалыңмалы төленіп қойған қалыңдық өмірден өткен жағдайда күйеу жігіт балдызын алған. Қалыңдығының сіңлісін алу кезінде төленетін қалыңмал түрі «балдыз қалың», – деп аталады. Балдыз қалың қайтыс болған қалыңдығына ұрын барған болса ғана төленеді. Оған түйе бастатқан тоғыз мал кірген.

original_58e2f04640c08889708d34cd_5a6a70b4774e9.jpg

Әмеңгерлікке ұқсас дәстүр.

Балдызын қалыңдық ретінде алу дәстүрі жиендеріне өзге шеше емес, өз анасының сіңлісі бас-көз болуы үшін туындаған. Бала жат біреуге жаутаңдап, қауқарсыз өспесін, қорғаны барын біліп жүрсін деген мақсатта пайда болған. Әлбетте, мұның барлығы екі тараптың келісімімен ғана жасалған.

1cafc254c0409e2a4f833eec6befd2ea.jpg

Ұмытыла бастаған құндылықтардың қатарына кіреді.

Бүгінде әмеңгерлік те, балдыз қалың да қолданыстан шыққан дәстүрлердің қатарына кіреді. Өйткені қазіргі қоғам сезім ұшқынымен ғана отау құрғанды жөн санайды. Әрине, мұнда ешқандай әбестік жоқ. Дегенмен қос дәстүрдің де түбінде терең мән барын ұмытпағанымыз абзал. Қазақ халқы сонау ықылым заманнан бастап-ақ ұрпақ тәрбиелеуді, соңында салиқалы ұрпақ қалдыруды мақсат тұтқан. Бүкіл ғұмырын отбасы тәрбиесіне арнаған ел. Баланы ешкімнен кем қылмай өсіру, жарқын болашаққа бастайтын кірпіштің негізін қалап беру – ата-ананың ең үлкен жетістігі.

2020.03.20_03.jpeg

Қолданыстан шығып қалуына не әсер етті?

Ғалымдар балдыз қалыңның ұмыт болуына гендерлік саясат әсер еткенін айтады. Ер мен әйелдің теңдігі аталмыш дәстүрдің сақталуына кедергі жасаған. Олардың айтуларына қарағанда, осындай салт-дәстүрлер қайта қолданысқа еніп, дәріптелсе, ұлттың беріктігі мәңгі сақталып, келешекте тек пайдасын тигізеді.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button