Жаңалық

Карл Байпақов өмірінің хронологиясы

Биыл К. Байпақовтың туғанына 80 жыл.

1.Карл Байпақов – тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі.

2.1963 жылы Андрей Жданов атындағы Ленинград мемлекеттік университетінің тарих факультетін тәмәмдаған.

3.1966 жылы «Жетісудың ортағасырлық қалалары мен қоныстары (VII-XII ғғ.)» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады.

4.1991 жылдан бастап Қазақстан Ғылым Академиясының археология институтын басқарды.

5.1991-2010 жылдары ҚР БҒМ Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының директоры.

6. 2011 жылдан бастап «Қазақстан археологиялық қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Қазақстан мен Орталық Азияның ортағасырлық археологиясы саласында ірі маманы болды.

7. Академик Байпақовтың қызметіндегі қуатты бағыты, Қазақстанның ежелгі астаналарының бірі – Алматының пайда болу, даму кезеңін зерттеу және жасын анықтау.

8. Соңғы бірнеше жылда Қазақстанның мәдениет және спорт министрлігі жанындағы «Мәдениеттерді жақындастыру орталығы» мемлекеттік мұражайын басқарды.

9. Академик 2018 жылдың 23 қарашасында, 78 жасында дүниеден озды.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button