Жаңалық

Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ мен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны арасында Ынтымақтастық пен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті.

Меморандум ұлттық дәстүрде жас ұрпақтың қоғамдық санасын жаңғыртып, «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» мен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны арасында ағартушылық, ғылыми, мәдени және басқа да өзара келісім түрлерін орнату және дамытуды мақсат етеді.

Қол қою рәсіміне «Рухани жаңғыру» орталығының басшылары, Оқушылар сарайы директорының міндетін атқарушы Кушибаева Раушан Ғаниқызы және БАҚ өкілдері қатысты.

Раушан Кушибаева, Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайы директорының міндетін атқарушы:

«Бүгін бізде ауқымды жұмыс басталғалы отыр. Меморандумның өскелең ұрпақтың жан-жақты дамуына және бәсекеге қабілетті тұлғаларды тәрбиелеу ісінде зор үлес қосатынына сенімім мол. Сондықтан біздің болашақтағы ойларымыз, жобаларымыз нәтижелі болады деп ойлаймын», – деді.

DSC_0051.jpg

«Еліміз әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіруі үшін алдына асқақ мақсаттар қойып отыр. Мұның жүзеге асуы адами капиталдың сапасына тікелей байланысты. Біз бүгінгі балалардың көшбасшылық әлеуетінің өте зор екендігіне сенімдіміз», – деді «Рухани жаңғыру» ҚҚДИ Басқарма Төрағасы Данияр Есин.

Бақытжан Нұрмаханбетұлы, Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайы директорының ғылыми әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары:

«Президенттің бастамасымен барлық саланы цифрландыру үдерісі тиісінше жүргізілуде. Бүгінгі меморандум оқушылардың рухани дамуына, оның ішінде білім алуына, өсіп-өнуіне және тәрбиесіне оң ықпал етеді», – деді.

 

Кездесу соңында тараптар Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойып, болашақта Институт пен Оқушылар сарайы арасындағы байланысты одан әрі нығайтуға, сондай-ақ оқу-тәрбие процесін, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жетілдіру және басқа да өзекті мәселелер бойынша өзара келісімге келді.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button