Жаңалық

«Абай мұрасы – аманат» челлендж байқауының жеңімпаздары марапатталды

Ақтөбе облысы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын басқару орталығы қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырған «Абай мұрасы – аманат» онлайн байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті, – деп хабарлайды Ruh.kz өңірлік «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесіне сілтеме жасай отырып.

Іс-шараға ҚР Мәдениет саласының үздігі Құрманбек Еркін, «Қазақ тілі» Халықаралық қоғамының Ақтөбе облыстық ұйымы төрағасының орынбасары Қабақбаев Жанғабыл, сондай-ақ «Атамекен-Асылым» халықтық ансамблі қатысты.

1 тамыз мен 1 қыркүйек аралығында облыстың білім беру ұйымдарынан 100-ге жуық үміткер байқау талаптарына сәйкес жұмыстарын әлеуметтік желіге жүктеді. Қатысушылардың жұмысын бағалау және жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау үшін арнайы қазылар алқасы құрылды. Жүзден жүйрік, мыңнан озат болып оза шапқан жүйріктер жүлделі орындарға, алғыс хаттарға лайық деп танылып, әлеуметтік желі арқылы жеңімпаздар жарияланды.

Әдеби-сазды кеш барысында салтанатты марапаттауға қатысқан байқаудың жүлделі орын иелері – І.Құлтаева, Қ.Абубакирова, Д.Жасағанбергенов, А.Мешітбаев және өзге де оқушылар ұлы Абайдың өлеңдерін, қара сөздерін оқып, әндерін әуелетті.

Шығармалары өзектілігін жоғалтпаған ұлы ақынға арналған байқауға оқушылар белсене қатысты. Бұған дейін де студенттер арасында Ақтөбе облысының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын басқару орталығы тағылымы мол байқаулар ұйымдастырған.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button