Жаңалық

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттары анықталды

2020 жылғы 20 қарашада «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы қабылданды, – деп хабарлайды Ruh.kz ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып. 

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы жас қазақстандықтарға жемісті ғылыми, шығармашылық, қоғамдық қызметі, сондай-ақ жоғары спорттық жетістіктері үшін беріледі. Сыйлық әдебиет, ғылым, дизайн, бейнелеу өнері, журналистика, классикалық музыка, қоғамдық қызмет, спорт, театр және кино, эстрада, халық шығармашылығы сияқты түрлі салалардағы 10 номинациядан тұрады.

Ағымдағы жылы «Дарын» сыйлығын алуға 160-тан астам үміткердің құжаты келіп түсті, өтінімдер 29 сәуір мен 10 тамыз аралығында қабылданды. «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын беру жөніндегі комиссия құрылды. Комиссия құрамына Қазақстан Республикасының белгілі мәдениет және өнер қайраткерлері, ғалымдар, жазушылар, журналистер мен қоғам қайраткерлері және өз саласының кәсіпқойлары енді.

1992 жылдан бастап еліміздің 264-тен астам талантты жас аталмыш сыйлықтың лауреаттары атанды. «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын беру Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында жоспарланып отыр.

Барлық жеңімпаздарға «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты» атағы беріп, диплом, төсбелгі және 600 000 теңге ақшалай сыйлық табыс етіледі.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button