Жаңалық

«Ерте, ерте, ертеде...» байқауы қорытындыланды

Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының «Ақмола облысы «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалау кеңсесі» ұйымдастырған «Ерте, ерте, ертеде…» онлайн байқауы өз мәресіне жетті. 

Ертегімен есейіп, қиялын ұштап, жақсылық пен әділдікке сеніп өскен баланың ертеңі де жарқын да жасампаз болмақ. Халық ауыз әдебиетінің алтын қазынасынан нәр алып, оны ұрпағының санасына сіңірген ақылды аналар мен әзиз әжелер барда қазақ ұлтының құндылығы кемімес, ұлттық рухы жоғалмас.

«Ерте, ерте, ертеде…» онлайн байқауына Ақмола облысының Зеренді, Бурабай, Біржан сал, Целиноград, Аршалы, Ақкөл, Жарқайың, Қорғалжын аудандары мен Көкшетау және Степногорск қалаларынан 60-тан астам әже қатысты.

Әділқазылар келіп түскен бейнероликтердің баяндау мәнеріне, тіл тазалығына, бейнероликтер сапасына қарап бағалап, мынандай қорытынды шығарды:

І орын – Майра Орындыққызы, Көкшетау қаласы, Бірлік мөлтек ауданы (Қасқыр мен қара тоқты ертегісі);

ІІ орын – Күлсара Құмарбек, Ақкөл ауданы, Малый Барап ауылы, (Ақылды бала ертегісі);

ІІІ орын – Қаби Светлана, Көкшетау қаласы, Красный Яр селосы, (Үш жалқау ертегісі).

Айдарова Ләззат, Меруерт Үйсін мен Аймаханова Ақжамал ынталандыру сыйлықтарына ие болды.

«Ел бірлігі» қоғамдық бірлестігінің атаулы сыйлығына Кобжасарова Пелагея Андреевна ие болды.

Жүлде алған бейнероликтер @ruhani.jangyru парақшасында ретімен жарияланады.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button