Жаңалық

«Сүйікті астана» фотобайқауы жарияланды

Тұңғыш Президент күні қарсаңында Ruh.kz ақпараттық порталы Instagram-да елорда туралы үздік фотосуретке шығармашылық конкурс жариялайды. 

«Сүйікті астана» фотоконкурсына кәсіби мамандар мен әуесқойлар өз жұмыстарын жібере алады.

 

Байқау 2020 жылдың 26-29 қараша аралығында өтеді.

 

Фотобайқаудағы суреттер 29 қараша сағат 18:00-ден кешіктірілмей қатысушылардың әлеуметтік желі парақшаларында жариялануы тиіс.

 

Байқауға жіберілетін суретте Қазақстанның астанасы – Нұр-сұлтан қаласы болуы тиіс!

 

Байқау шарттары:

 

· @ruh_qz іnstagram аккаунтына жазылу;

 

· аталмыш аккаунты көрсете отырып, стористе конкурстық жарияланымның репостын жасау;

 

· фото жүктелген постта #фотоконкурс, #NS_ruh_kz, #фотоконкурс_рухкз хэштегтерін пайдалану;

 

· @ruh_qz аккаунтын белгілеу;

 

· конкурстың өткізілу уақытында аккаунтты ашып қою.

 

Фотосуреттерді әрлеу нұсқасымен @ruh_qz аккаунтында таныса аласыз.

 

Байқау нәтижелері 2020 жылдың 1 желтоқсанында жарияланады.

 

Көп «лайк» жинаған ең қызық фотосуреттердің авторлары жеңімпаз атанып, бағалы сыйлықтармен марапатталады.

 

Баршаңызға сәттілік тілейміз!

 

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button