Жаңалық

ҚызылордаTravel. 30 жылда не өзгерді?

Жаңа апта еліміздің алғашқы астанасы, Сырдың бойында жайқалып жатқан Қызылорда облысына арналмақ. Сонымен, тарихы терең ескі шаһар тәуелсіздіктен кейін қалай жаңарды? Толығырақ, мақалада.

1. 30 жылда Қызылорда қалай өзгерді?

Қызылорда облысы – еліміздің оңтүстік бөлігінде, Арал теңізінің шығысында, Сырдария өзенінің төменгі ағысында және Тұран ойпатында орналасқан 200 жылдық тарихы бар мәдени орда. Қала жер көлемі жөнінен республикада 4-ші орында тұр. Сыр елі өткен ғасырда, 1925-1927 жылдар аралығында еліміздің алғашқы астанасы болды. Облыста 800 мыңға жуық адам бар.

Абай көшесі

Қызылорда қалалық әкімдігі

А. Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйі

Н. Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры

Қызылорда теміржол вокзалы

«Қызылорда» қонақ үй

Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану мұражайы

«Сарқырама» каналы

Қызылорда облыстық соты

Ұлы Отан соғысы жауынгерлеріне арналған «Тағзым алаңы» мемориалы

2. «Елу жылда – ел жаңа» дегендей, бұрынғы Ақмешіт, қазіргі Қызылорда адам танымастай болып күніге дамып келеді.

Қалада ірі ғимараттар демалыс орындары, саябақтар, мәдени орталықтар және т.б. құрылыс нысандары салынуда. Сондай-ақ тұңғыш астанамызда бүгінде қақ ортасын дария суы бөліп тұрған сол және оң жағалау бар.

3. Сырдария – жаңа ғасыр тұрғындарының ежелгі бесігі.

Ұлы Жiбек жолының ізі қалған тарихи жерде көне Сығанақ, Жанкент, Шірік-Рабат, Ордакент, Жент секілді ортағасырдағы ірі қалалардың орны сақталған. Одан бөлек, Қызылорда өңірінде тарихи ескерткіштер, кесенелер де көп. Соның ең үлкен мысалы – шамамен 10 ғасырда өмір сүрген ұлы ойшыл – Қорқыт атаның кесенесі. Аты аңызға қобызшының мазары – сәулет өнерінің айрықша үлгісі. Киелі бабамыздың мекеніне шет елдерден де туристер көптеп келеді.

4. Сыр елінің бренді – күріш. Білгенге – маржан: Ақмешіттің атын танымал еткен «Ақмаржан» күріш сортының өндіріске шығарылғанына биыл 33 жыл толды.

5. Қызылорда халқының 95%-ы қазақ тілінде сөйлейді. Бұл өңірді мекен еткен әрбір этнос өкілінің күнделікті қарым-қатынас тілі – қазақ тілі.

6. Облыста дүние жүзіндегі тұңғыш әрі ең ірі ғарыш айлағы – «Байқоңыр» орналасқан. Оның іргесі 1955 жылы қаланды.

7. Жаңақорған ауданындағы «Жаңақорған» шипайжайы алыс-жақын елдерге жақсы танылған. Ондағы балшық жер бетінде сирек кездеседі.

Фото: Қызылорда облысының ардагер фототілшісі Болат Омарәлиевтің жеке мұрағатынан және ашық дереккөздерінен

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button