Жаңалық

Төрегелді Шарманов пен Шигео Катсуға Елбасы сыйлығы берілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығын беру туралы жарлыққа қол қойды, – деп хабарлайды Ruh.kz порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жарлықта:

«2020 жылғы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы:

медицина саласын дамытуға, бейбітшілікті және халықтар арасындағы достықты, өзара сенімді нығайтуға қосқан ерекше үлесі үшін Төрегелді Шарманұлы Шармановқа;

білім және ғылым саласын дамытуға, бейбітшілікті және халықтар арасындағы достықты, өзара сенімді  нығайтуға қосқан  ерекше үлесі үшін Шигео Катсуға берілсін», – деп жазылған.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button