Жаңалық

«Жыл волонтері» халықаралық сыйлығының жеңімпаздары марапатталды

2020 жылы 8 желтоқсан күні Мемлекет басшысының қатысуымен Волонтер жылының ресми жабылу рәсімі өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде волонтер жылын табысты деп атады.

 

Еріктілер жылының ресми жабылу рәсімінде «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығының жеңімпаздары марапатталды. Марапаттау 16 номинация бойынша өткізілді. Атап айтсақ:

 

1.    «Үздік волонтерлік ұйым»;

 

2.    «Корпоративтік волонтерлік көшбасшысы»;

 

3.    «Короновирустық инфекциямен күреске қатысу»;

 

4.    «Тұрақты даму мақсатының көшбасшылары»;

 

5.    «Үздік әлеуметтік көмекші»;

 

6.    «Төтенше жағдайларды жоюға белсенді қатысқаны үшін»;

 

7.    «Хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздеуге белсенді қатысқаны үшін»;

 

8.    «Құқық бұзушылық құрбандарына көмек көрсетуге белсенді қатысқаны үшін»;

 

9.    «Денсаулық сақтауды дамытуға белсенді қатысқаны үшін»;

 

10. «Салауатты өмір салтын насихаттауға белсенді қатысқаны үшін»;

 

11. «Білімді әйгілеудегі үлесі үшін»;

 

12. «Қоршаған ортаны сақтау және қорғау үшін қосқан үлесі үшін»;

 

13. «Бейбітшілікті, достық пен келісімді нығайтуға қосқан үлесі үшін»;

 

14. «Тарихи-мәдени мұраларды сақтауға және дамытуға қосқан үлесі үшін»;

 

15. «Жануарларды қорғау мәселелерін шешуге қосқан үлесі үшін»;

 

16. «Әлеуметтік міндеттерді шешуге қосқан үлесі үшін» номинациялары.

 

 

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button