Жаңалық

Қазақ қаламгерлері шығармаларының аудионұсқасы жарыққа шықты

Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының «Ақмола облысы «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалау кеңсесі» КММ-нің тапсырысы бойынша жарық көрген «Ақмола облысы және тұлғалары жайлы қазақ қаламгерлерінің шығармалары» атты аудиокітаптар сериясының онлайн презентациясы өтті.

Бұл өткен жылы көпшіліктің көңілінен шығып, қолдау тапқан «Ақмола облысы ақын-жазушыларының аудиокітаптары» атымен жарыққа шыққан серияның дәстүрлі жалғасы болып саналады.

Екінші серияға:

1. Ілияс Жансүгіровтың «Құлагер» поэмасы,

2. Сәкен Сейфуллиннің «Көкшетау моншақтары» поэмасы,

3. Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасы,

4. Асқар Сүлейменовтің «Адасқақ» романнан үзіндісі,

5. Кеңшілік Мырзабековтің «Біржан сал» поэмасы,

6. Зейтін Ақышевтың «Иманжүсіп» романынан үзіндісі,

7. Иран Ғайыптың «Жәпек-Шаған» драмалық дастаны,

8. Әбіш Кекілбаевтың «Абылай хан» халықтық қаһармандық драмалық дастаны,

9. Мәшһүр Жүсіптің «Кенесары-Наурызбай» дастаны енген болса,

10-шы кітапқа Көкше еліне арналған он ақынның өлеңдері енді. Олар:

1. Хамит Ерғалиев «Көкшетау»

2. Қасым Аманжолов «Көкшетау»

3. Ерлан Жүніс «Жұмбақтас»

4. Ғалым Жайлыбай «Бұландының бұлттары»

5. Назира Бердалы «Сұлу Көкше!»

6. Ғафу Қайырбеков «Көкшетау естеліктері»

7. Ғалым Жайлыбай «Көркем сөздің, төресі, снайпері» (Тұрсынбек Кәкішевке)

8. Күләш Ахметова «Көгілдір кештерінде Көкшетаудың»

9. Қалқаман Сарин «Көкшетау»

10. Жұмағали Саин «Көкшетау»

Аудиокітаптарды оқыған театр және кино актері, ҚР Мәдениет қайраткері Жарас Қалдаров, өлеңдерді оқыған Ақмола облыстық «EL Jastar» эксперименталды лабораториялық жастар театрының актерлері.

Аудиоларды төменгі сілтемеден тыңдай аласыздар.

https://t.me/joinchat/AAAAAEu0j2zBWG0EtTUkww

Басқа материалдар

Back to top button