Жаңалық

«Ұлт үні» байқауының жеңімпаздары анықталды

ҚР Тәуелсіздігінің 29 жылдығы қарсаңында «Қазақтану» мәдени-ағартушылық жобасы аясында ұйымдастырылған «Ұлт үні» керуен-байқауы өз мәресіне жетті.

Қорытынды жиынға қатысқан Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан байқау жеңімпаздарын марапаттады.

Этнос өкілдері арасында өткен байқаудың мақсаты мемлекет құраушы қазақ халқының тілін, мәдениетін, өнерін, салт-санасын, тарихы мен әдебиетін насихаттау, олардың біріктіруші әлеуетін тиімді пайдалана отырып, барлық этнос өкілдерін қазақ халқының маңайына топтастыру болды. Додада 80-нен астам концерттік нөмірлер ұсынылды.

Керуен-байқау қазан айында бастау алып, алдымен іріктеу кезеңі өткізілді. Үздік деп танылған 22 концерттік нөмір таңдап алынып, өнерпаздар тобы қараша-желтоқсан айларында Шымкент қаласының Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау аудандарында этнос өкілдері жинақы тұратын аумақтарда өнер көрсетті.

Байқауға қатысушылар әлем халықтары мойындаған ұлылар Әбу-Насыр әл-Фараби мен Абайдың еңбектерін, қазақ вальсінің королі атанған Шәмші Қалдаяқовтың әндерін кеңінен насихаттап, олардың шығармаларын орындау шеберліктері арқылы мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін көрсетті. Онымен қоса қазақ халқының салт-дәстүрлері мен өнерін, мәдениетін дәріптеуге үлес қосты.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button