Жаңалық

«Астана балет» театры стриминг сервисін іске қоспақ

Астаналық театр спектакльдерді 360 градус форматында тамашалауға мүмкіндік беретін «Ab-media» атты Қазақстандағы алғашқы театрлық стриминг сервисін іске қосады. 

Жаңа алаңның тұсаукесері бүгін өтпек. Тікелей эфир әлеуметтік желідегі театрдың ресми парақшасынада көрсетіледі.

«Пандемия мен оның салдары көрерменмен байланыстың жаңа түрлерін іздеуімізге түрткі болды. Дүниежүзінде театр саласы үлкен шығынға батып отыр. Әрине, театрда көрермендерді қабылдай алғанымызбен, олардың саны шектеулі. Эксклюзивті стриминг таратылымы осы түйткілді шешу жолындай көрінеді. Яғни, осы арқылы біз көрермен санын шектемейміз, бұған қоса көрермендеріміздің географиясы да кеңейе түседі. Карантин кезінде бұл өте маңызды», – дейді «Астана балет» театрының директоры Александр Совостьянов.

Жаңа стриминг алаңының ерекшелігі оған тек стандартты толық форматты концерттер, спектакльдер немесе деректі фильмдер ғана емес, 360 градус форматында түсірілген қойылымдар енетін болады.

360 градустық түсірілім арнайы камерамен жасалып, төңіректің бәрін қамтиды. Қарапайым жалпақ дисплейден тамашалаған кезде көрермен көрсетілім бағытын панорама ретінде өзі бақылай алады, VR-көзілдірік кисе, өзін сол көрсетілім ішінде жүргендей сезінеді. 360 градус форматындағы спектакльдер әртістердің камераға қарап әрекет еткеніне қарай қойылғандықтан, көрермен өзін ерекше күйде сезінеді.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button