Жаңалық

GGG әлемнің ең үздік боксшыларының жаңа рейтингісіне енді

Орта салмақта өнер көрсететін кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин әлемнің ең үздік 10 боксшысының қатарына енді, – деп хабарлайды Ruh.kz порталының тілшісі.

Батыстық BoxRec.com порталының арнайы жасаған статистикасы бойынша, IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкин аталмыш рейтингте 8-орынға жайғасқан.

Көрсетілген рейтингке сәйкес, мексикалық боксшы Сауль Альварес топ жарып тұр. Ал одан кейінгі тізімдерге британиялық Тайсон Фьюри, америкалық боксшылар Эррол Спенс-кіші, Теренс Кроуфорд және Деонтей Уайлдер орналастырылған.

Айта кетейік, BoxRec.com даярлаған ақпаратқа сүйенсек, GGG атымен жаһанға танымал қазақстандық былғары қолғап шебері филиппиндік Мэнни Пакьяодан кейін және ресейлік Александр Поветкиннің алдында тұр.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button