Жаңалық

Инновациялық идеялар фестивалінің жеңімпаздары анықталды

Шымкентте өткен U:hack инновациялық идеялар фестивалінің жеңімпаздары марапатталды. 

«U:projects» қоғамдық бірлестігі мен The Point венчурлік қоры бірлесе ұйымдастырған инновациялық идеялар фестиваліне 27 қала мен әлемнің 12 елінен 1280 адам қатысты. Қатысушылар бір тәулікте 471 жоба әзірлеген.

Онда қала мен қоғамның түрлі мәселелерін шешуге арналған ақпараттық технологиялар, контент пен медиа, кино және видео, кәсіпкерлік, ақылды ғылым сынды секциялар болды.

Байқау жеңімпаздарын қалалық кәсіпкерлік және индустриалды-иновациялық даму басқармасының басшысы Б.Дүйсебеков пен «U: projects» қоғамдық бірлестігінің төрағасы марапаттады.

ThePoint венчурлық қоры – бұл инновациялық жобалар және стартаптарды дамытуға бағытталған инвестициялық қор түрі. Сондай-ақ, бұл U:hub платформасындағы жас кәсіпкерлердің барлық даму кезеңдеріндегі жобаларын қолдайтын бизнес-инкубатор. The Point венчурлік қоры жастардың әлеуметтік ортасы мен жұмыс атмосферасын кеңейтуге тамаша мүмкіндік береді. Жас кәсіпкерлер мен стартап-командалар үшін дайын инфрақұрылым ретінде де белгілі.

Жиынның мақсаты – Шымкент қаласында кәсіпкерлік пен инвестициялық ахуалды жақсарту.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button