Жаңалық

Әуежайға Әлия Молдағұлованың есімі берілді

«Ақтөбе халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамына Әлия Молдағұлованың есімі берілді, деп хабарлайды Ruh.kz Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Қабылданған қаулыда «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы (10-бабының 4-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы №281 қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
«Ақтөбе халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамына Әлия Молдағұлованың есімі берілсін. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі» делінген.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button