Жаңалық

68 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» мен мемлекеттік, салалық бағдарламалар аясында құрылып отырған жаңа жұмыс орындары жұмыссыздық деңгейін айтарлықтай азайтып отыр. Бұл туралы қала әкіміне жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Қасымбек Сайлауов 2020 жылы атқарылған жұмыстар жөнінде берген есебінде баяндады.

– Шымкент қаласында жалпы 68 584 адам жұмыспен қамтылды. Оның ішінде «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасымен өткен жылы 34 847 адам, «Жұмыспен қамту жол картасы» бойынша 8 753, мемлекеттік және салалық бағдарламалар негізінде 24 984 адам жұмыспен қамтылды, – деді басқарма басшысы.

Сонымен қатар, жергілікті халықты еңбекпен қамту бағытында қолға алынып отырған шаралар биыл жалғасын табатынын айтты.

Атап айтқанда, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасымен 21842 адам, «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы бойынша 392 адам және мемлекеттік салалық бағдарламалар негізінде 11 151 адамды жұмыспен қамту жоспарланып отыр.

Жыл соңына дейін қалада жұмыспен қамту шараларына 33 385 азаматты қатыстыру жоспарланып отыр.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button