Жаңалық

Мемлекет басшысы Қазақстан тарихы мен дүниежүзі тарихы бойынша бірыңғай оқулықтарды енгізуді тапсырды

Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан тарихы» мен «Дүниежүзі тарихы» бойынша бірыңғай мектеп оқулықтарын даярлауды тапсырды деп хабарлайды Ruh.kz порталы Ақордаға сілтеме жасап.

«Оқушыларды оқыту мен дамытудың басқа да түрлері арасында дұрыс теңгерім болуы керек. Әлемдік тенденцияны ескере отырып, математика, тіл, информатика секілді басымдықты пәндерге ерекше мән берген жөн. Оқулықтар сапасы бойынша көтеріліп жүрген мәселелер бар», – деді Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан тарихы» мен «Дүниежүзі тарихы» оқулықтарына ерекше мән беру керектігін айтты.

«Тарихи оқиғалар мен фактілер оқушыларға ешбір бұрмалаусыз жеткізілуі керек. Сондықтан «Қазақстан тарихы» мен «Дүниежүзі тарихы» бойынша бірыңғай мектеп оқулықтарын даярлап, енгізуді тапсырамын», – деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы 900 мыңға жуық бала 11 мың мектепке дейінгі мекемелерде тәрбеленіп жатқанын атап өтті. Алайда оның ішінде 36 пайызында кәріз жүйесі жоқ, 29 пайызы ыстық сумен және 11 пайызы жылы дәретханамен қамтамасыз етілмеген.

«Осыған назар аударыңыздар, барлық әкімдер бұл мәселені қадағалауға алуы керек», – деді Қ. Тоқаев.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button