Жаңалық

«Шыңырау» фильмі халықаралық фестивальге қатысып жатыр

Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсірген «Шыңырау» көркем фильмі 15 және 31 қаңтар аралығында Болгарияның астанасы София қаласында өтіп жатқан 13-ші халықаралық кинофестивальге қатысып жатыр деп хабарлайды Ruh.kz «Қазақфильмнің» баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әбіш Кекілбаевтың «Шыңырау» повесі желісі бойынша түсірілген картина құдық қазушы Еңсептің оқиғасын баяндай отырып, көптеген азаматтар тап болатын мен­мендік, бақталастық, махаббат, достық, қастандық сияқты мәселелерді көтереді. Фильмнің режиссері – Жаңабек Жетіруов.

«2018 жылы жарыққа шыққан фильмнің төрт жыл қатарынан халықаралық кинофестивальдерге қатысуы өте сирек болатын жағдай. Мен мұны Ә.Кекілбаевтың «Шыңырау» повесіндегі ешкімді бей-жай қалдырмайтын ғаламат идеяны көркемдеп экранға шығару үшін тер төккен тобымыздың жемісті еңбегінің арқасында жүзеге асқан жетістік деп ойлаймын», – деді режиссер Жаңабек Жетіруов.

Фильм Маңғыстау облысында түсірілді. Картинада басты рөлді Асылхан Төлепов, Алдабек Шалбаев және Айжан Жетіру сомдады.

Негізі 2009 жылы қаланған Балқан аймағындағы ең ірі байқаулардың бірі – Sofia MENAR Film Festival кинофестивалі жыл сайын өз көрермендеріне киногерлер шығармашылығында бейнеленген ислам әлемінің мәдениетімен, дәстүрлерімен таныстырады. Фестиваль шеңберінде Таяу Шығыс, Орталық Азия жән Солтүстік Африка мемлекеттерінің ең үздік көркем, деректі және қысқаметражды туындылары көрсетіледі.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button