Жаңалық

«Smart Hub Silkway» IT орталығы құрылды

IT орталық Ақпараттық технологиялар саласындағы болашақ мамандардың инновациялық идеяларын жүзеге асыру үшін қажетті жағдай жасауға мүмкіндік береді. 

Орталық STEM, семинар залы, «Коворкинг» орталығы, бейне-фото студия, демалыс аймағы, бизнес-инкубатор орындары мен промбот роботтары және т.б. қосымша техникалармен жабдықталған.

Қазіргі таңда IT орталықта «ақылды» жаяу жүргіншілер жолағы, робот құрастыру, 3D модельдеу, анимация жасау, бизнес-тренингтер өткізу, ақылды аялдама, төлем терминалдарын шығару, қаланы көркейтуге арналған оқу курстары жүргізілуде.

Орталықты ашудағы негізгі мақсат – жастарды осы салаға бейімдеп, олардың цифрлық сауаттылығын арттыру, отандық ІТ өнімдері мен жаңа компаниялар ашу. Кез келген жас осында ІТ саласы бойынша білім алып, жаңа стартап жобаларын ұсына отырып, тың идеяларын жүзеге асыра алады.

Сонымен бірге, жастарға модельдеу, бағдарламалау, смартфондарға арналған мобильдік қосымшаларды іске қосу мен сайт ашу және тағы басқа жұмыстар бойынша тәжірибелік сабақтар өткізіледі. Тек қана оқытып қана қоймай, жобаларына инвесторлар тарту арқылы өз кәсібін ашуға мүмкіндіктер қарастырылған.

Орталық Шымкент қаласы, Тоқаев көшесі мен Түркістан көшесінің қиылысында орналасқан.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button