Жаңалық

Атырау облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асырылуы талқыланды

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ағымдағы жылдың ақпан айында «Өңірлердегі Министрлік күндері» аясында стратегиялық сессиялар өткізді. 

Қоғамдық сананы жаңғырту саласында 8 ақпанда Атырау облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын үйлестіру департаментінің өкілдері бағдарламаны өңірлерде одан әрі тиімді іске асырудың жаңа тәсілдері мен өзекті мәселелері бойынша 4 онлайн-семинар ұйымдастырды.

Іс-шараларға жергілікті атқарушы органдардың және «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңселерінің өкілдері қатысты.

Семинарлар барысында бағдарламаның өңірлік жобалық кеңселерін дамыту, Министрліктің жергілікті атқарушы органдармен іс-қимылы және ұйымдастырушылық-әдістемелік қолдауы, қоғамдық сананы жаңғырту саласындағы талдау, сондай-ақ бағдарламаны іске асыру шеңберінде танымдық және оқыту контентінің үлесін ұлғайта отырып, интернет кеңістікте ақпараттық-түсіндіру жұмысын күшейту мәселелері көтерілді.

Сондай-ақ, 2021 жылға арналған жоспарлар мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасының Ұлттық жаңғыру кезеңіне көшуі бойынша Жол картасы талқыланды.

Жол картасының жоспарланған іс-шаралары мен жобалары халықтың жас ерекшеліктеріне сәйкес әзірленіп, Бағдарламаның негізгі 3 құндылық бағыты бойынша, сондай-ақ Бағдарламаны ғылыми-әдістемелік, сараптамалық және ақпараттық сүйемелдеу бойынша бөлімдерге топтастырылды.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button