Жаңалық

Балалар арналған үздік 10 кітап

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасы бойынша биылғы жыл балалар әдебиетін қолдау жылы болып жарияланды. 

Балалар әдебиеті бізге терең өмірлік тәжірибе беріп қана қоймай, жас ұрпақ бойындағы парасатқа дүниетанымдық құштарлық, шындыққа сүйіспеншілік, ақиқатқа іңкәрлік сезімдерін оятып, адамгершілікке тәрбиелейді, келешегіне жол ашып, бағыт сілтейді.

«Фолиант» баспасы 2020-2021 жылдары жарық көрген балалар әдебиетінің үздік шығармаларының топтамасын дайындады. Дайындап қана қоймай әлем әдебиетінің жауһары саналатын шығармаларды қазақ тіліне тәржімәлап, кітап дүкендерінің сөресіне қойып та үлгерді. Үздік кітаптар ондығына:

А. Гриннің «Алқызыл желкендер. Хикаят. Толқын перісі» кітабы;
Дж. Свифт «Гулливердің саяхаттары» кітабы;
Марк Твеннің «Том Сойердің басынан кешкендері» кітабы;
В. А. Обручевтің «Жұмбақ жер» кітабы;
Эрих Распенің «Мюнхгаузеннің хикаялары» кітабы;
А. Линдгреннің «Ұзыншұлық Пиппи» хикаялары;
«Қазақ халық ертегілері» жинағы;
Әлия Беркімбаеваның «Дәуіт атайдың ертегілері»;
Т. Көзікоғлудың «Арман керек адамға» еңбегі;
Баянғали Әлімжановтың «Өлең-Әліппе» жинағы енді.

Айта кетелік, жақында баспадан Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа», Николай Носовтың «Дымбілместің Айға сапары», Фенимор Купердің «Могиканның соңғы тұяғы» шығармалары жарық көреді.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button