Жаңалық

«Мұқағали» фильмі көрерменге күзде жол тартуы мүмкін

Ақиық ақынның өмірінен сыр шертетін көркем фильмнің тұсаукесері пандемияға байланысты кейінге шегерілуде деп хабарлайды Ruh.kz порталы Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясына сілтеме жасап.

Өткен жылы режиссер Болат Қалымбетов «Мұқағали» көркем фильмін түсіре бастады. Картинаға көрнекті ақын Мұқағали Мақатаев өмірінің соңғы жылдары арқау болған. «Қазақфильм» киностудиясының хабарлауынша, көркем фильмнің тұсаукесері биыл күзде өтуі мүмкін.

«Қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың туғанына – 90 жыл. Белгілі режиссер Болат Қалымбетовтің фильміне оның қилы тағдыры мен мағыналы ғұмыры негіз болды. Өшпес із қалдырған ақын тірісінде лайықты бағасын алмады. Алайда өмірін шығармашылыққа арнаған ол ешқашан мойыған емес. «Қазақфильм» киностудиясы түсірген «Мұқағали» фильмінің тұсаукесері пандемияға байланысты кейінге шегерілуде, бірақ осы күзде көрермендер бұл фильмді үлкен экранда көреді деп үміттенеміз», – делінген киностудияның Facebook парақшасында жарияланған хабарламада.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button