Жаңалық

Аида Балаева Түркияның Қазақстандағы Елшісімен кездесті

Бүгін Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның Түркия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Уфук Экиджимен кездесуі өтті деп хабарлайды Ruh.kz порталы ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шара барысында Министрліктің жетекшілік ететін бағыттары бойынша екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланды.

«Министр Түркияның ақпарат және телевизия саласындағы, сондай-ақ жастарды әлеуметтік қолдау саласындағы тәжірибесін зерделеуге қызығушылық білдірді.

Өз кезегінде, түрік тарапы жан-жақты ынтымақтастыққа және бірлескен жобаларды, оның ішінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өту шеңберінде жобаларды іске асыруға дайын екенін білдірді», – делінген министрліктің баспасөз хабарламасында.

Тараптар өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ниет білдірді.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button