Жаңалық

Павлодарда «Парасат жолы» өңірлік орталығы ашылды

«Парасат жолы» – адалдық, парасаттылық, әділеттілік қағидаттарын қалыптастыруға, сондай-ақ ұлттық мәдениет пен руханият құндылықтарын қоғамда ілгерілетуге бағытталған жоба.

«Осы жоба бүкіл Қазақстан бойынша іске асырылады. Облыс бойынша әр кітапханада сондай орталықтар ашып, зиялы қауыммен бірге жастардың арасында жемқорлыққа қарсы іс-шаралар өткізбек. Пандемияға байланысты белгілі адамдармен тікелей эфирлер, жастарға дұрыс бағыт беретін әңгімелер айтылады», – деді С.Торайғыров атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана директоры Шолпан Шахметова.

Кездесуде бұл жобаның мақсаты мен құндылықтары, жемқорлықтың тигізетін зияны туралы айтылды.

«Бүгін біз өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойдық. Азаматтық қоғамда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, ел азаматтары арасында парасаттылық пен адалдық қағидаттарын нығайту бойынша жедел өзара іс-қимыл жасауа ниеттіміз», – дейді сыбайлас жемқорлыққа қарсы Агенттіктің Павлодар облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Ардақ Балгожин.

Айта кетерлігі, «Парасат жолы» жобасының негізші үш тірегі – өзара түсіністік, құрмет пен сенім.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button