Жаңалық

Павлодарлық ІТ маман құрастырған мобильді қосымша үздік деп танылды

Павлодарлық Алар Ақылбеков математикалық модельдеу бағыты бойынша өткен республикалық ғылыми жобалар байқауында топ жарды. 

ЖОО баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, Алар әзірлеген қосымша қазақ тіліндегі қолжазба мәтінін сканерлеп, оны электронды форматқа ауыстырады.

Мобильді қосымша мәтіннің 80-90%-ын таниды. Каллиграфия дұрыс болса, көрсеткіш 100%-ды құрайды.

Жас маманға Торайғыров университетінің IT-HUB мамандары көмек көрсетіп, кеңес беріп отырған.

«Бұл – өзекті IT бағыты. Алардың қосымшасы қолжазба мәтіндерді тану бойынша отандық бағдарламалық өнімдердің дамуына үлесін қосуы мүмкін. Бұл бағыт көптеген мәселелерді шашуге сеп болмақ», – дейді IT-HUB директоры Дария Абыкенова.

Басқа материалдар

Яндекс.Метрика
Back to top button